Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Байланыс
Жарияланды: 06.04.2018
Өзгертілді: 28.05.2019
Қаралды: 6613

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті

Заңды тұлғаның мекен жайы: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 31 «А» шағын аудан, 5 ғимарат

Департамент басшысы: Байманов Абзал Аманжолұлы

Департамент басшысының қабылдау бөлімінің телефоны: 8(7292) 40-32-69

Департамент басшысының азаматтарды қабылдау күні:сәрсенбі, сағат 16-00 ден 17:00ге дейін

Сенім телефоны: 8(7292) 40-36-59

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ресми сайты:

kfm.gov.kz/ru/the-department-of-economic-investigation/mangistau-oblast/

Департамент туралы:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.

Департаменттің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Департаменттің функциялары:

1) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандарын және әдістерін жетілдіру;

4) жедел-іздестіру қызметін, анықтау және алдын ала тергеуді жүзеге асыру, жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу қызметі практикасын талдау және қаржы мониторингі органдарын анықтау, республикадағы жедел жағдай болжамын жасау, қаржы мониторингі органының араласуын талап ететін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қабылдау;

5) мемлекеттік кірістер органының жүргізуіне жататын қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша адамдарды және сот қаулысы бойынша мемлекеттің мүддесін білдіретін талап арыз бойынша олардың орналасқан жері туралы мәліметтер болмаған кезде жауап берушілерді іздеуді жүзеге асыру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселесі бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимылда болу және өз өкілетті шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

7) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда болу;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы