Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Әкім орынбасарлары
Добавлено: 26.06.2015
Изменено: 21.05.2018
Просмотров: 55578
 

Серік Қалешұлы Аманғалиев

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 


1960 жылы 6 желтоқсанда Гурьев облысы Махамбет ауданының Махамбет ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары.

1983 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын  бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Атырау облысы Махамбет аудандық орта мектебінің тарих пәні мұғалімінен бастап, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, кейін мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1995-2007 жылдары – Атырау облысында Махамбет аудандық және қалалық білім бөлімінің бастығы, кейін облыстық білім департаментінің директоры қызметінде болды.

2008-2011 жылдары – Атырау облысының Құрманғазы ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болды.

2011 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.  

«Құрмет» орденімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Астананың 10 жылдығы» (2008), Ы. Алтынсарин атындағы медальдарымен (2006), «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1998) марапатталған.



№ 403 каб. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары                      

Серік Қалешұлы Аманғалиев

Телефоны

-

Қабылдау бөлмесі

Құсаинова Гүлжан Тұрсынқызы

 43-01-03

-

Көмекші

Сапа Бауыржан Серікұлы

 31-45-63



Cқақов Мақсат Нұрлыбекұлы 


Облыс әкімінің  орынбасары 

Байланыс мәліметтері:  8 (7292) 31-45-32 

Эл почта: m.skakov@mangystau.gov.kz


1978 жылы туған. 

Білімі - жоғары. «Тарих, құқық және экономика негіздері», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Философия және экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органынан бастап, ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас Прокурорының ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекші қызметінде болған.



№ 328 каб.     
Облыс әкімінің орынбасары       
Cқақов Мақсат Нұрлыбекұлы             
Телефоны       

-
Қабылдау бөлмесі
Нұрым Ұлжан Асылханқызы 

 31-45-32
-
Көмекші
Қанатов  Ержан   Қорабайұлы

 31-46-27




Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы 

Облыс әкімінің экономика және қаржы бойынша орынбасары

Байланыс мәліметтері:8 (7292) 31-43-22

Эл почта: sh.ilmuhanbetova@mangystau.gov.kz


1974 жылы туған.

Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бизнес және менеджмент, экономист, құқықтану, заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Маңғыстау облысының қаржы басқармасының болжау бөлімінің маманы болып бастаған. Әр түрлі жылдарда Маңғыстау облысының қаржы басқармасының бөлімдерін басқарған.

2004 жылдан 2012 жылға дейін Маңғыстау облысының қаржы басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы жұмыс орны  – Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының лауазымын 2012 жылғы наурыздан бастап атқарған.  

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 


№ 427 каб.

Облыс әкімінің орынбасары

Илмұханбетова  Шолпан Лазарқызы

Телефон   

-

Қабылдау бөлмесі

Қуандық Ұлболсын Берниязқызы

31-43-22

-

Көмекші

Батырбаева Жанар Сәрсенғалиқызы

31-12-51









Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы

Облыс әкімінің орынбасары

Байланыс мәліметтері: 8 (7292) 31-17-77

 Эл почта:
info@mangystau.gov.kz

1965 жылы 1 қаңтарда  түған. 


Білімі - жоғары. 1989 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірді. Мамандығы автоматизация бойынша инженер. 2015 жылы Алматы Менеджмент Университетінде "Іскерлік әкімшілік" мамандығын бітірді. 2010 жылы Ұлыбритания, Оксфорд қаласында "Embassy CES Oxford" ағылшын тілі курстарын бітірді.

Еңбек қызметін 1989 жылы Ақтау қаласындағы Пластикалық масса заводының учаскесінде бақылау-өлшеу жабдықтарының шебері болып бастады.

1994-1995 жж. – Шетпе Мұнайбазасында оператор. 

1995-1996 жж. – «Көгез» шағын кәсіпорында технолог.

 1996-1997 жж. – Маңғыстау облысы бойынша Кеден басқармасының «Шетпе» оперативтік кеден зонасы бойынша өкіл.

1997-2005 жж. – Жеке кәсіпкер.

2005-2011 жж.– «Мантеком» ЖШС-нің директоры.

 2011-2016 ж.ж. - 4-інші және 5-інші сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

 2016 - 2017 жж. – 6-ші сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болды.





№ 330 каб.
Облыс әкімінің орынбасары
Жүсіпов Бекмурат Қыдырбайұлы 
Телефон  
 
-
Қабылдау бөлмесі
Шамшиева Майра Абатбайқызы
31-17-77
 -  Көмекші Абыков Мирас Дүйсенбайұлы
31-45-36







Сакеев Руслан Кенесарыұлы  

Облыс әкімінің  орынбасары

Байланыс мәліметтері: 8 (7292) 42-16-05

Эл почта: info@mangystau.gov.kz


1978 жылы туған. 


Білімі - жоғары. Заңгер, қаржыгер мамандықтарының иесі. 

Еңбек жолын 1999 жылы мемлекеттік құқықтық пәндер бойынша оқытушы қызметінен бастап, 2002-2003 жылдары ҚР Сенатының заңдылық және құқықтық реформа жөніндегі комитетінде, 2003-2007 жылдары Қарағанды облысында Ішкі саясат, әлеуметтік саласында, ҚР Әділет министрлігінде басшылық қызметінде, Үкімет жанындағы «ҚазСат» Бас директоры, «Альянс Банк» АҚ Департамент Директоры, дүниежүзілік банктің топ басшысы, және облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.


№ 301 каб.

Облыс әкімінің орынбасары

Сакеев Руслан Кенесарыұлы

Телефон    

-

Қабылдау бөлмесі

Жарылғапова Айым Мухаммедиярқызы

42-16-05

-

Көмекші

Қаратаев Алмаз Қайыргелдыұлы

42-05-04




Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы