Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ералы Тоғжанов ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесті
Жарияланды: 12.04.2018
Өзгертілді: 12.04.2018
Қаралды: 2075

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Космонавтика күні қарсаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК»АҚ вице-президенті, ғарышкер, Халық қаһарманы, «Отан» орденінің иегері Айдын Айымбетовпен кездесті.

«Ғарышты игере білген мемлекет дүние жүзіндегі құбылыстардың бәрін бақылай алатынын, соңғы жаңалықтардан хабардар болатынын білеміз. Қазір Елбасының тапсырмаларының бірі – цифрландыру жұмыстары барлық салада жүргізілуде. Каспий, Арал теңіздеріндегі өзгерістерді де өздеріңіз арқылы біліп отырмыз. Жердің жағдайын көктен бақылап, ел игілігі мен дамуы үшін ерен еңбек етіп келесіздер. Ертеңгі ғарышкерлер мерекесімен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс тілейімін! Киелі Маңғыстау жеріне қош келдіңіздер!», - деді Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов.

Кездесу барысында Айдын Айымбетов мемлекеттік қызметте ғарыштық технологияларды қолданудың тиімділігін атап өтті.

«Бүгінгі күні Қазақстанда 4 жер серігі бар (2 жерді қашықтықтан бақылайтын, 2 теленавигациялық). Жерді қашықтықтан бақылау спутнигінің жұмысына сүйене отырып,«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы 100% мемлекеттің қатысуымен ғарыш мониторингін ұсынады.Біз мемлекеттік органдардың жұмысында қажетті ғарыштық суреттер мен басқа да қызметтерді қамтамасыз етеміз», - деді Айдын Айымбетов.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті ғарыштық технологияны қолдану мүмкіндіктерімен таныстырды. Мысалы, ғарыштан түсірілген суреттерді табиғи апаттардың мониторингі, ауыл шаруашылығы дақылдарын, мемлекеттік шекараларды, су объектілерін болжау, табиғи ресурстарды зерттеу, экология, мұнай-газ секторында, жалпы қаланың бас жоспары мен агломерацияны құру және т.б. қызметтер үшін пайдалануға болады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы