Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Алкиев Максат Абдижалилович

Қатысушының ТАӘ: Алкиев Максат Абдижалилович, релелік қорғау және автоматтау қызметінің бастығы

Облыс: Маңғыстау облысы

Кәсіпорын: «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ

Номинация: Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері

Қысқаша мінездеме:

Мақсат Әбдіжалилұлы жалпы еңбек өтілі – 21 жыл. Ол еңбек жолын 1998 жылдан бастап Түрікмен мемлекеттік көлік және байланыс институтын бітіргеннен кейін, Дашховузтелеком телеграф цехының электромеханигі болып бастады.

2002 жылы «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-на 4-разрядты байланыс және радиобайланыс желілік құрылыстарының электрмонтеры болып қабылданды. 2005 жылдан бастап ТПЕ, ҚТЕ және ӨҚЕ біліктілік тексерулерін сәтті тапсырғаннан кейін релелік қорғау және автоматтау инженері, содан кейін жетекші инженері қызметіне ауыстырылды. Қызмет барысында Релелік қорғау және автоматтау қызметінің бастығы міндетін бірнеше рет атқарды.

Мақсат Әбдіжалилұлы өзін сауатты маман ретінде көрсете білді, оның: релелік қорғаудың күрделі электромеханикалық және сандық құрылғыларына қызмет көрсету және пайдалану, жас ұрпақты тәрбиелеу әдістері, қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен технологиялар; бағынышты персоналды тиімді басқару стильдері; кәсіби одақ желісі бойынша қызметкерлерді материалдық және моральдық ынталандыру жүйелері мен әдістері саласында білімі бар.

Оның білімін, жұмыс тәжірибесін, тапсырылған жұмысқа адал көзқарасын және аттестацияны табысты тапсыруын ескере отырып, 2012 жылы Релелік қорғау және автоматтау қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Мақсат Әбдіжалилұлы практикаға келген студенттерді оқытумен де айналысады, дәріс және практикалық сабақтар өткізеді.

Энергетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Самұрық-Қазына, Самұрық-Энерго Құрмет грамоталарымен және KAZENERGY медалімен марапатталды.

Өзінің еңбек қызметінде бірнеше рет оқып, біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, семинарларға қатысып, шет елдермен тәжірибе алмасты. Ұжымда жоғары беделге ие.

Байланыс деректері: Ақтау қаласы, 29а шағын аудан, 97 ғимарат; 8 (7292) 20-02-01.


Қатысушылар тізімі