Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Койшибаевтар әулеті


Әулет қатысушыларының ТАӘ:

1. Койшибаев Танбай – әулет басшысыслесарь-жөндеуші, жалпы еңбек өтілі 44 жыл;

2. Койшибаев Тугелбай – өндірісті қамту базасының электроцехының бастығы, жалпы еңбек өтілі 45 жыл;

3. Койшибаев Ренат Тугелбаевич –5-дәрежелі электромонтер, жалпы еңбек өтілі 14 жыл;

4. Койшибаев Самат Тугелбаевич –3-дәрежелі бұрғышы көмекшісі, жалпы еңбек өтілі 11 жыл.

Облыс: Маңғыстау облысы

Кәсіпорын: «Бұрғылау» ЖШС

Номинация: Үздік еңбек әулеті

Отбасы мүшелері мен олардың тумаларының жалпы саны: 4 адам

Әулет өкілдерінің жалпы еңбек өтілі:114 жыл

Қысқаша мінездеме:

Койшибаев Тугелбай 1956 жылы 19 қарашада Атырау облысында дүниеге келген. Әкесі Койшибаев Танбай 1932 жылы дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1956 жылы Тубежек поселкесінде бұрғылау жұмыстарынан бастаған. 1966 жылдан бастап Өзен бұрғылау жұмыстары мекемесінің өндірістік қамту базасында жөндеушілер бригадасында 1988 жылға дейін қызмет еткен. 1999 жылдан бастап осы мекемеден зейнетке шыққан-зейнеткер. Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін, Өзен мұнай-кен орнының игеруіне орай 40жыл және 50 жылдық медальдарымен марапатталған. Жеңістің 65-70-жылдығына орай медальдармен марапатталған.

Койшибаев Тугелбай еңбек жолын 1974 жылы Маңғыстау облысы Маңғышлақмұнай мекемесінде автокөліктерді жөндеуші болып бастады. 1979 жылдан бері «Бұрғылау» ЖШС-де(бұрынғыӨзен бұрғылау жұмыстары басқармасы) еңбек етіп келеді. 1979 жылы Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасына электроқұрылғыларын жөндеуші болып қызметке тұрады.2004-2010 жж.орталық қамту базасына цех бастығының энергетика жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өндірісті қамту базасы электроцехының бастығы қызметін атқарады.

Койшибаев Тугелбай Мұнайшылар күні мерекесі құрметіне орай «Құрмет тақтасына» және «Бұрғышылар» кітабына енгізілген маман.Ұжымдастар арасында беделді, сыйлы азамат. Өнегелі ұрпақ өсірген үлгілі мұнайшылар әулетінің тірегі.Жұбайы Қойшыбаева Жаңылсын екеуі 5 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген, ұл-қыздарынан 10 немере-жиен көріп отыр.

Ұлдары Койшибаев Ренат «Бұрғылау» ЖШС-де №2 бұрғылау цехы Б-8 бригадасының 5-дәрежелі электромонтеры болса, Койшибаев Самат 1 бұрғылау цехы Б-2 бригадасының 3-дәрежелі бұрғышы көмекшісі болып қызмет атқарады. Ұлдары белсенді, еңбекқор, адамгершіліктері жоғары, өз істеріне жауапты жұмыскерлер болып табылады.

Отбасымен 2017 жылы Маңғыстау облысы бойынша өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысып, қалалық І орын, облыстық ІІІ орын иегерлері атанған.

Байланыс деректері:Жаңаөзен қаласы, өнеркәсіптік аймақ; 8 (72934) 92-400.


Қатысушылар тізімі