Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусымдағы № 167 «Маңғыстау облысының еңбек басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Жарияланды: 18.06.2019
Өзгертілді: 18.06.2019
Қаралды: 219

Маңғыстау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусымдағы  № 167 «Маңғыстау облысының еңбек басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусымдағы  № 167 «Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде  № 2745 болып тіркелген,  2015 жылғы  23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық  жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. «Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.М.Іңкәров) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ә.С. Қыраубаевқа жүктелсін.

 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі  Е. Тоғжанов

2019 жылдың 4 маусымы

№ 41 жқ

Міндеттерді жүктеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 38-бабына сәйкес:

1. Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы А.М. Іңкәровтың ауырған уақыты кезеңіне оның міндетін атқару  2019 жылдың 4 маусымынан бастап Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары   Ш.Б. Дүйсеновке жүктелсін.

2. Маңғыстау облысы әкімінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 26-жқ  «Міндеттерін жүктеу туралы» өкімінің күші жойылсын.

Әкімі

Е. Тугжанов

Келісім парағы

ТАӘ

Мемлекеттік орган, (мекеме)/бөлім, лауазым

Шешімі

Қолы, күні

Ф.Ж. Исмагулова

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі), Бөлім басшысы

Келісу

04.06.2019 ж.

Ж.Е. Кипшакбаева

Мемлекеттік-құқықтық бөлімі, Бөлім басшысы

Келісу

04.06.2019 ж.

Н.Т. Тажибаев

Басшылық, Аппарат басшысы

Келісу

04.06.2019 ж.



Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы