Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы аумағын аймақтарға бөлу туралы
Жарияланды: 24.04.2019
Өзгертілді: 24.04.2019
Қаралды: 136

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы аумағын

аймақтарға бөлу туралы

  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 болып тіркелген), Маңғыстау облысы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2019 жылғы  23 сәуірдегі   № 01-19/295 «Карантин шарасын белгілеу туралы» ұсынысы негізінде, мүйізді ұсақ малдары арасында «Шешек» ауруы бойынша қолайсыз аймақта жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аумағы мынадай аймақтарға бөлінсін:

1)  қолайсыз аймақ – 5 шақырым радиустағы мүйізді ұсақ малдың «Шешек» ауруының эпизоотиялық ошағы – «Бегеш», «Сұршоқы» жерлері;

2)   буферлік аймақ – 10 шақырым радиустағы «Арқартөбе», Жараулы», «Жетіқыз», «Қаңға», «Мұрынқора», «Сәубет», «Сақақұдық», «Тоғжан» «Шұқырауыл» жерлері;

3)   бақылау аймағы – 15 шақырым радиустағы Қызылөзен ауылы,  «Ақшоқы», «Ақмолалы», «Белігайлы», «Жерсенгір», «Кіштін»,  «Қарағашты», «Қорып» «Қызылсығара»,  «Мөлдір», «Мешітті қора», «Нұрқабай»,  «Орта қора», «Сағажа», «Сүрелі», «Шалкөсе»,жерлері;

4) қолайлы аймақ – белгіленген аймақтардан тыс орналасқан аудан аумағын қамтитын аймақ.

2. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.Хамиев), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (Қ. Мырзатов) (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің  орынбасары Н.И.  Қилыбайға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі   Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы