Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 3 «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 30.04.2019
Өзгертілді: 30.04.2019
Қаралды: 118

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы   № 3 «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы» қаулысына өзгерістер

 енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы  Жер кодексінің 16 бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы  және  жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 278 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңына сәйкес,  жер учаскелерін беру және өзге де жер қатынастары мәселелерін қарау жөніндегі облыстық комиссия отырысының  2018 жылғы  19 қазандағы № 02-05/5 хаттамасы және «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының  2019 жылғы  26 сәуірдегі № 01-05/26 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру құжаттамасы негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы  № 3 «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енізілсін:

көрсетілген қаулының 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Маңғыстау облысы  Түпқараған ауданының босалқы жер санатынан  көлемі  7770,27 гектар жер учаскесі өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.

2.  «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамына Түпқараған ауданының «Қаражанбас» кен орнынан көмірсутегі шикізатын өндіру үшін көлемі  7770,27 гектар, оның ішінде жайылымы 3857,629 гектар жер учаскесіне   2020 жылдың 7 маусымына дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы берілсін.».

2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

Маңғыстау облысының әкімі   Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович