Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №32/341 «Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 22.04.2019
Өзгертілді: 22.04.2019
Қаралды: 138

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №32/341 «Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №32/341 «Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3736 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:»;

көрсетілген шешіммен бекітілген Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу  нормаларында:

реттік нөмері 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

5

Емханалар

1 келіп кету

0,17

»;

реттік нөмері 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8

Мейрамханалар, кафе, қоғамдық тамақтандыру мекемелері

1 отыратын орын

0,685

».

2. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Сессия төрағасы  Аудандық мәслихат

  хатшысы   

  Е. Жұмабаев  Б. Назар

Мұнайлы аудандық мәслихатының

2019 жылғы 00 наурыздағы

№00/000 шешіміне қосымша

Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу  нормалары

  №

Нысан атауы

Есептеу бірлігі

Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормасы /текше метр/

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,72

2

Қонақ үйлері, шипажайлар, демалыс үйлері

1 орын

2,19

3

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,27

4

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,935

5

Емханалар

1 келіп кету

0,17

6

Ауруханалар, шипажайлар, өзге де емдеу – сауықтыру мекемелер

1 төсек – орын

1,24

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,655

8

Мейрамханалар, кафе, қоғамдық тамақтандыру мекемелері

1 отыратын орын

0,685

9

Азық – түлік дүкендері

1 шаршы метр  сауда алаңы

0,745

10

Өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

1 шаршы метр сауда алаңы

0,455

11

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер

1 шаршы метр сауда алаңы

0,495

12

Вокзалдар, автовокзалдар

1 шаршы метр жалпы алаңы

1,24

13

Дәріханалар

1 шаршы метр сауда алаңы

0,235

14

Автотұрақтар, автожуу орталықтары, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар

1 машина – орын

1,585

15

Автошеберханалар

1 жұмысшы

1,665

16

Шаштараз, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,19

17

Моншалар, сауналар

1 шаршы метр жалпы алаңы

0,33


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы