Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 151 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 19.02.2019
Өзгертілді: 19.02.2019
Қаралды: 492

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 151 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы», 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы   № 151 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3677 болып тіркелген, 2018 жылдың  17 шілдесінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

  қосымшада:

  3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Полиция департаменті) енгiзедi.

  5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша Полиция департаментінің  бастығының бұйрығы шығарылады.»;

  7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын Полиция департаментімен  салтанатты жағдайда жүзеге асырады.»;

  9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «9. Полиция департаменті  ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.».

    2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  (Н.Т. Тәжібаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

  Маңғыстау облысының  әкімі  Е. Тоғжанов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігі Маңғыстау облысының

Полиция департаменті»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

______________ Қ.Д. Таймерденов

«_____»_________  2018 ж.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы