Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындау туралы
Жарияланды: 13.11.2018
Өзгертілді: 13.11.2018
Қаралды: 364

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарына сәйкес Маңғыстауоблысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Маңғыстауоблысының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару тәртібі айқындалсын.

2. «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Н. Салимов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі   Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович