Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы
Жарияланды: 08.11.2018
Өзгертілді: 08.11.2018
Қаралды: 351

ЖОБА

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы   Экологиялық кодексінің 20 бабының 7 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы  (Е.Ж. Әбілов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3.  Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                              Облыстыcтық          

                                                         мәслихат хатшысы

Н. Тумышев                               С. Трұмов


Маңғыстау облысы әкімдігінің

 «Маңғыстау облысының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштері» қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

п/п

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы  № 212 Экологиялық кодексінің 19 бабының  3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес

3

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

5

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Маңғыстау облысындағықоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін дамыту,біріншіден,стратегиялық жоспарлау мен бақарудағы  «жасыл экономиканың» қағидаттарын енгізу қажетілігімен, ал екіншіден, осы ұлттық стратегияны облыстық деңгейде жүзеге асруға көшу қажеттілігі туындады

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Өткізілмеген

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Өткізілмеген

9

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Талап етілмейді

10

Қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Сараптама жүргізілді ЖШС «Республиканский научно-исследовательский центр охраны атмосфрного воздуха» Маңғыстау облысының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштері

11

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Талап етілмейді

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы  мемлекеттік мекемесі басшысы 

  Д. Құсбеков


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы