Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 215 «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жарияланды: 07.11.2018
Өзгертілді: 07.11.2018
Қаралды: 262

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі  № 215 «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 3709 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қазанда  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  осы қаулының 1 қосымшасындағы «Дефектология» мамандығына 2018-2019 оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырыстарының саны 28 деп өзгертілсін;

  осы қаулының 1 қосымшасындағы тізім мынадай сөздермен толықтырылсын: «8. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласы бойынша «Журналистика» мамандығына 2 тапсырыс саны бөлінсін.

2.  «Маңғыстау  облысының  білім басқармасы»  мемлекеттік  мекемесі  (Н.Қ. Қойжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш. Л. Ильмуханбетоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Е.Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы