Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Кен іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы
Жарияланды: 18.10.2018
Өзгертілді: 18.10.2018
Қаралды: 331

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 274-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы бойынша кен іздеушілік аумағы осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі    Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2018 жылғы «__» ___________

№ __ қаулысына қосымша

Аршу жұмыстарын, құм мен топырақты шаю жұмыстарын,  сондай-ақ өзге де байланысты жұмыстарды қоса алғанда, қол тәсілімен немесе механикаландыру құралдарын және қуаттылығы аз өзге де жабдықты қолдана отырып жүзеге асырылатын, шашыранды кен орындарында және техногендік сипаттағы кен орындарында (тау-кен өндірісі мен металлургия үйінділері мен жинап қойылған қалдықтары) бағалы металдар мен асыл тастарды кен іздеушілікпен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін,

1) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және олардың қорғалатын аймақтары;

2) сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер аумақтары;

3) ғарыш қызметі, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер аумақтары;

4) елді мекендердің аумақтарына және оларға іргелес бір мың метр қашықтықта жатқан аумақтар;

5) қорымдарға, қабірлер мен зираттарға арналған жер аумақтарына және шегінде пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайлары орналастырылған аумақтар;

6) геологиялық және минералогиялық мемлекеттік табиғи қаумалдар аумақтарын есептемегенде – Маңғыстау облысының барлық аумағы белгіленсін.


Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович