Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №300 «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Жарияланды: 11.10.2018
Өзгертілді: 11.10.2018
Қаралды: 255

Қазақстан  Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Маңғыстау облысының әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №300 «Маңғыстау облысы туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №2579 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ө.С.Бисақаев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.К.Жүсіповқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Облыс әкімі   Е.Тоғжанов


«Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы

№300 «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы қаулысының күші жойылды деп тану туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына»

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

п/п

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Қазақстан  Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылдың 28 мамырдағы «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілуі

3

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

5

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Осы қаулыны қабылдау

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша облыс әкімдігінің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

жоқ

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Өткізілмеген

9

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Талап етілмейді

10

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелер

Өткізілмеген

11

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

12

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Талап етілмейді


«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы                      Ө. Бисақаев



Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович