Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау нормативтері мен көлемдерін бекіту туралы
Жарияланды: 02.10.2018
Өзгертілді: 02.10.2018
Қаралды: 293

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын  дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 17306 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері бекітілсін.

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 76 «2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі және өнім сапасын арттыруды субсидиялау нормативтері мен көлемдерін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 121819 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қ. Аманғалиевке жүктелсін.

  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

  Облыс әкімі    Е. Тоғжанов

«Маңғыстау облысының

ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

__________ С.С. Қалдығұл

«____»  ___________ 2018 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің

  2018 жылғы «___»___________

  № ______ қаулысына

  қосымша

2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері

Субсидиялау бағыты

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидияланатын көлем, бас/

килограмм

Субсидия сомасы,

мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

1

Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

асыл тұқымды қойлардың аналық басы

2 500

6000

15000,0

2

Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу

8 000

50

400,0

3

Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу

40 000

100

400,0

4

Етті мал шаруашылығы:

1)

Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу

150 000

10

1 500,0

5

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы:

1)

Отандық немесе ТМД елдерінен импортталған асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

150 000

10

1 500,0

6

Жылқы шаруашылығы:

1)

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу

100 000

11

1 100,0

7

Түйе шаруашылығы:

1)

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

100 000

5

500,0

8

Етті құс шаруашылығы

1)

Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата тектік нысандағы асыл тұқымда тәуліктік балапан сатып алу

600

20 000

12 000,0

9

Жұмыртқалық құс шаруашылығы

1)

Республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларынан алынған құстардың финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алу

60

10 000

600,0

Барлығы:

33 000,0

Өнім өндірісінің құнын арзандату

10

Түйе сүті, шұбат

55

10 000

550,0

11

Бие сүті, қымыз

60

2 050

123,0

Барлығы:

673,0

Жиынтығы:

33 673,0

Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы