Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 251 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 20.09.2018
Өзгертілді: 20.09.2018
Қаралды: 292

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 251 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2832 болып тіркелген, 2015 жылғы  29 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

8 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жалысын:

«9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - «Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы»  департаменті (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген  «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - «Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы»  департаменті (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

2 тармақ жаңа редакцияда жалысын:

«2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - «Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы»  департаменті (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;

2. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекетік мекемесі (Қарабалаев  Н.Д.) осы қаулының әділет органдарының мелекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі        Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович