Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тiкелей атаулы сату туралы
Жарияланды: 03.09.2018
Өзгертілді: 03.09.2018
Қаралды: 488

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 105 бабының 4 тармағына сәйкес,  сондай-ақ стратегиялық инвесторды тарту және шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және өңір экономикасының перспективалық дамуы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  «Ақтау  теңіз  порты»  арнайы  экономикалық  аймағы»  акционерлік қоғамы акцияларының 49 (қырық тоғыз) пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік пакеті Dubai Port World  Free Zone Entities стратегиялық инвесторына тікелей атаулы сату жүзеге асырылсын (бұдан әрі - Стратегиялық инвестор).

2.  Стратегиялық инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төмендегідей міндеттемелерді қабылдасын:

1)жекешелендiру объектiсiне инвестициялардың көлемдерi, түрлерi және мерзiмдерi;

2)өндiрiс көлемiнiң белгiлi бiр деңгейiн, шығарылатын өнiмнің немесе көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын қамтамасыз ету;

3)табиғат қорғау іс-шараларын жүргiзу;

4)қызмет бейінін сақтау;

5)жаңа жұмыс орындарын сақтау немесе ашу;

6)Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлермен штат санының кемінде үштен екісін қамтамасыз ету;

7) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң бұрыннан бар тәртiбi мен пайдалану шартын сақтау;

8)кредиторлық берешектi белгiленген мерзiмдерде өтеу;

9)жалақы бойынша берешектi өтеу;

10)мәмiлелер жасасуды (қайта сату, кепiлге қою, сенiмгерлік басқаруға беру және басқалар) және (немесе) жекешелендiру объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт кезеңі iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салуды шектеу жөніндегі міндеттемелерді белгілеген және тиісінше қабылдаған кезде, тікелей атаулы сату жүзеге асырылады.

3. Маңғыстау  облысының  әкімдігі  заңнамада белгіленген тәртіппен осықаулыдан  туындайтын  шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі  Б. Сағынтаев


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы