Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Жарияланды: 15.08.2018
Өзгертілді: 15.08.2018
Қаралды: 368

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі кадрларды  даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегінде бағдарламаның әкімшісі – «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды көздестірсін.

4. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды  қамтамасыз етсін.

Осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облыс әкімінің орынбасары Р. Сәкеевке жүктелсін.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы