Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 176 «Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 25.07.2018
Өзгертілді: 25.07.2018
Қаралды: 460

Қаулы №156

25 маусым 2018 ж

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін -  өзі басқару туралы», 2002  жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы»  заңдарына сәйкес Маңғыстау  облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау   облысы   әкімдігінің  2017  жылғы  10   шілдедегі  № 176 «Маңғыстау  облысы  аумағын аймақтарға  бөлу туралы» қаулысына (нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  Тізілімінде  

№ 3408 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер  енгізілсін:

1 тармақтың  үшінші  абзацы алынып тасталсын;

1 тармақтың сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«нодулярлық дерматит (мүйізді ірі қара) бойынша  - Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары.».

2. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.С. Хамиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және  бұқаралық ақпарат құралдарында  ресми  жариялануын,  Маңғыстау  облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы  қаулының орындалуын бақылау  Маңғыстау облыс әкімінің орынбасары  Б. Қ. Жүсіповке  жүктелсін.

4. Осы  қаулы  әділет  органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Маңғыстау облысының әкімі   Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы