Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 358 «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 20.07.2018
Өзгертілді: 20.07.2018
Қаралды: 398

«Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 358

«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына

куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін

бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  бұйрығының шығуына байланысты Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 358 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындауда.

Аталған қаулы бойынша қаржылық шығындар қарастырылмайды.

Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

басқармасының басшысы                    Ә. Көшербаев


ЖОБА


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 465 бұйрығына сәйкес, Маңғыстауоблысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстауоблысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 358 «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2920 тіркелген, 2015 жылдың 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі - дәлелді бас тарту).

Көрсетілетін  қызметті  беруші  құжаттарды  алған  кезден  бастап  

2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің  (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік берген кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді және өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту дайындайды немесе 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды зерделейді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын берген кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды зерделейді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік   көрсетілетін   қызметтің  көрсету  нәтижесіне  қол  қояды  және

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлік берген кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы  2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды зерделейді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді және өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту дайындайды немесе 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттарды зерделейді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.».

регламенттің 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ә.Б. Көшербаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі  Е. Тоғжанов



Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович