Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріспен толықтырулар енгізу туралы
Жарияланды: 12.07.2018
Өзгертілді: 16.07.2018
Қаралды: 439

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2017 жылғы 6 қазандағы № 229

«Маңғыстау облысының

спортшыларына ай сайынғы

ақшалай жабдықталым

төлемдерінің мөлшерін бекіту

туралы» қаулысына өзгеріспен

толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 «Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3440 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталымның мөлшері;

осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері;

осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері;

осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес, спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері».

осы қаулының 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес толықтырылсын.

2. «Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі      Е. Тоғжанов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

дене шынықтыру және спорт басқармасы»

мемлекеттік мекемесі басшысының

міндетін атқарушы

________________ Н.Д. Қарабалаев

«____» _____________2018 ж.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы