Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 09.07.2018
Өзгертілді: 09.07.2018
Қаралды: 767

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Т.Ә. Бәпиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі       Е. Тоғжанов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау

басқармасы»мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ Т. Бапиев

«___» ______ 2018 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2018 жылғы «__» _________

№ ___ қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер тізімі

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы  № 393 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2951 болып тіркелген, 2016 жылы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген қаулының «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. «Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі – ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.».

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы  № 243 «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 93717 болып тіркелген, 2015 жылы 23 қыркүйегінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген қаулының «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)  «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) www.e.gov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.».

3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы  394 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98017болып тіркелген, 2016 жылы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

1 тармақта:

«3) тармақша алынып тасталсын.».


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы