Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Жоба «Орталық Азия-Орталық» магистральдық газ құбырының күзету аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы
Жарияланды: 18.06.2018
Өзгертілді: 18.06.2018
Қаралды: 511

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Магистралдық құбыр туралы»  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы  Заңына  және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Халықтың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және «Орталық Азия-Орталық»  магистральдық газ құбырының желілік бөлігін қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоюсыз, газ құбыры осінің әрбір жағынан  50 метр жерден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде газ құбыры осінің әрбір жағынан  25 метр жерден күзет аймағының шекарасы белгіленсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Орталық Азия-Орталық» магистральдық мұнай құбыры желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі айқындалсын.

3. Бейнеу ауданының әкімі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық  шегінде  магистральдық  құбырға  жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салсын.

4. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемелекекттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Облыс әкімі    Е.Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы