Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Жарияланды: 24.05.2018
Өзгертілді: 24.05.2018
Қаралды: 670

Мемлекеттік сатып алуды

ұйымдастыруды және өткізуді

ұйымдастырушы жүзеге асыратын

тауарлардың, жұмыстардың,

көрсетілетін қызметтердің тізбесін

бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2015 жылғы 04 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Б. Қарсыбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет – ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Б. Қарсыбаев) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін. 

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі       Е.Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович