Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 176 «Маңғыстау облысы аумағын аймаққа бөлу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жарияланды: 15.01.2018
Өзгертілді: 15.01.2018
Қаралды: 588

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2017 жылғы 10 шілдедегі № 176

«Маңғыстау облысы аумағын аймаққа

бөлу туралы» қаулысына

өзгеріс  енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының 2002  жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы» Заңының  10 – бабының  1 – тармағының  5) тармақшасына,  26 – 2  бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының

2017  жылғы  3 қазандағы №159 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық  инспекторының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №01-19/1013 хатының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Маңғыстау облысы  әкімдігінің 2017  жылғы 10 шілдедегі № 176 «Маңғыстау облысы аумағын аймаққа бөлу туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 тармағының 8 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«нодулярлық дерматит (мүйізді ірі қара) бойынша  - Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары».

2. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.С. Хамиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және  бұқаралық ақпарат құралдарында  ресми  жариялануын,  Маңғыстау  облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы  қаулының орындалуын бақылау  облыс әкімінің орынбасары  Б. Қ. Жүсіповке  жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі    Е. Тоғжанов

Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы