Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 191 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жарияланды: 15.01.2018
Өзгертілді: 15.01.2018
Қаралды: 627

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы 28 маусымдағы № 191

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден

өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

регламентін бекіту туралы»

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 434 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15558 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 191  «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3103 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Маңғыстау облысының сәулет және  қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (Н. М. Жайлау) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары С. К. Аманғалиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі    Е. Тоғжанов

Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович