Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 21.06.2017
Өзгертілді: 21.06.2017
Қаралды: 771

Облыстық мәслихаттың

кейбір шешімдеріне

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық  мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

1) облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/70 «Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3242 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда жарияланған):

мемлекеттік тілде көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің  1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

2) облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/71«Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шемінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3243 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда  жарияланған):

мемлекеттік тілде көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің  1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы 

облыстық

мәслихат хатшысы                               Б.Жүсіпов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы