Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 17.04.2017
Өзгертілді: 17.04.2017
Қаралды: 557

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 11 тамыздағы

«Астық қолхаттарын беру арқылы

қойма қызметі бойынша қызметтер

көрсетуге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентінбекіту туралы» қаулысына

өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 240 «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2824 болып тіркелген, 2015 жылы 17 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызыметі бойынша қызыметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызымет регламентін бекіту туралы»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген  күннен  бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі          Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович