Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 112 «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жарияланды: 03.03.2016
Өзгертілді: 30.11.-0001
Қаралды: 650

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Маңғыстау облысы  әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 112 «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі  мен «Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру  туралы»қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2719 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірде  «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 тармағында:

«Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) қазақ тіліндегі атауына өзгеріс енгізілген, орыс тіліндегі атауы өзгермейді.

2.  Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

3.  Мемлекеттік мекеме  (Г.Б. Төлеуғалиева):

осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

мемлекеттік мекеменің Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4.  «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (М.Б. Әлібекова) коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгеріс енгізсін.

5.  Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

6.  Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап  күшіне енеді  және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі   А. Айдарбаев


Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович