Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Жарияланды: 14.10.2015
Өзгертілді: 03.11.2015
Қаралды: 529

«Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 219 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 тамызда № 2811 болып тіркелді


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3)«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін;

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы   № 289 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2560 тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.

  3. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі  осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық  ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап 

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі      А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесі басшысының міндетін атқарушы

____________________ З.Ж. Тастемірова

«___»________________2015 жыл         

Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович