Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
2015 жылдың тамыз айына ИҚКО есебі
Жарияланды: 02.09.2015
Өзгертілді: 03.11.2015
Қаралды: 703

Маңғыстау облысы

Индустиялық-инновациялық

даму басқармасы


«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылдың 20 қаңтарындағы №2 келісімшартқа сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айы үшін ИҚКО қызметі туралы есептік ақпаратты жолдайды.

 2015 жылдың 14 тамызы облыс әкімінің орынбасары Р.Әміржановтың төрағалығымен «Ақтау теңіз порты» АЭА жерінде жүзеге асырылатын «Центр Производства и Логистики Азерсун» ЖШС («Азерсун Өндірістік және Логистика Орталығы») жобасын одан әрі дамыту мәселелері бойынша мәжіліс болып өтті.

 Аталмыш мәжілісте қызметтің қосымша түрлерінің жүзеге асырылу жоспарына байланысты «Центр Производства и Логистики Азерсун» ЖШС-на («Азерсун Өндірістік және Логистика Орталығы») тиесілі аумақты кеңейту қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды.

 Сонымен қатар, мәжіліс қорытындысы бойынша қызығушылық танытқан барлық тұлғаларға сәйкесінше тапсырмалар берілген хаттама толтырылды.

 2015 жылдың 28 тамызы Астана қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Сербия Республикасының президенті Томислав Николичтің ресми сапары аясында ресми тұлғалар мен іскер топтардың қатынасуымен қазақстандық-сербиялық бизнес-форумын өткізуді жоспарлауда.  

 Аталмыш іс-шараның мақсаты Қазақстан және Сербияның іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті белсендіру, сонымен қатар шетелдік тарапқа 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриализациялау Бағдарламасының тұсаукесерін өткізу болып табылады.

Осы іс-шарада «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Г.Бергенева қатынасады.

Басқарма Төрағасының м.а.  А. Айтуаров


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы