Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Жарияланды: 24.07.2015
Өзгертілді: 03.11.2015
Қаралды: 1025

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 102 қаулысы.

Маңғыстау облысы әділет департаментінде 2015 жылғы 18 мамырда № 2725 болып тіркелді.


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Ж. Ұлықбанов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ Б.Ж. Ұлықбанов

«____»___________ 2015 жыл


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы