Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Табиғи ресурстық және барлық оны құраушылар әлеуетінің жай-күйі
Добавлено: 26.06.2015
Изменено: 03.11.2015
Просмотров: 332

Маңғыстау облысы қоршаған ортасының жағдайы жайлы ақпараттық бюллетень

 Кіріспе


Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ретінде қалыпты дамудың міндетті шарты және табиғи жүйелерді сақтау негізі мен қоршаған орта мен тұрғындардың өміріне сай сапаны қолдаушысы болып табылады.

Қоршаған ортаға келетін зиянды антропогендік әсерлердің алдын алу және болдырмау, адамның мекендеуі үшін сапалы орта жасау мақсатында ең бірінші экологиялық жағдайды сенімді, шынайы,уақытылы және тұрақты түрде бағалау қажет. Осындай жағдайда ғана табиғи ортаның сапалық және сандық сипаттамаларын реттеу бойынша негізделген әрі анағұрлым дұрыс шешім қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар, соңғы уақытта көп көңіл бөлініп жүрген экологиялық білім беру мен ағартудың негізгі мақсаты болып табылатын азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымдары мен қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері маңызды болып қала береді. Маңғыстау облысы қоршаған ортасының жағдайы жаулы Ақпараттық бюллетеньнің соңғы басылымы 2009 жылы жарық көрді, бірақ экологиялық ахуал өте өзгермелі және әсіресе, облыстағы белсенді өндірістік дамуды ескерсек, көптеген факторлардың ықпалына байланысты. Осыған байланысты, оқырмандарға ұсынылып отырған кезекті бюллетеннің шығарылымында соңғы 5 жыл ішінде Маңғыстау облысы қоршаған ортасы компоненттерінің жағдайы мен тендерлік өзгерістері жайлы жаңа жүйеленген сараптамаланған ақпарат беріледі.

Бюллетенде соңғы бірнеше жылдың  өзгерісіндегі табиғи компоненттердің ластану деңгейінің сипаттамасы (ауа атмосферасының, су беттерінің, топырақтың) келтіріледі, аймақтың табиғи ресурстарының пайдаланылуы жайлы мәліметтер ұсынылады, ладшафттық және биологиялық алуан түрлілігін сақтау мәселелері, сонымен қатар өндірістік және тұтынушылық қалдықтармен жұмыс мәселелері баяндалады.

Аталмыш бюллетеннің жүйелі түрде баспадан шығарып тұруы тұрғындардың, ұйымдардың, ведомстволардың, ұстаздар мен оқушылардың, экономика, экология, қоғамдық ұйымдардың әр саласының мамандарының және басқа қызығушылық танытқан тұлғалардың экологиялық ақпаратқа сәйкес қолжетімділігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы