Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
2015 жылдың наурыз айына ИҚКО есебі
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 03.11.2015
Қаралды: 663

Маңғыстау облысы 

Индустриялық-инновациялық

даму басқармасы

«Ақтау теңіз порты» СЭЗ» АҚ 2015 жылдың 20 қаңтарындағы №2 мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айы үшін ИҚКО қызметі туралы есептік ақпаратты жолдайды.

Аймақтарға шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігін арттыру мақсатында

жергілікті атқарушы органдар үшін 2015 жылдың 27 ақпаны Астана қаласында «KAZNEXINVEST»

экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ-ның ұйымдастыруымен

«Аймақтық деңгейде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту шарттарын жақсарту»

тақырыбында семианар (бұдан әрі – Семинар) болып өтті.

Бағдарламаның мақсаты тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мен қолдау үшін үздік халықаралық тәжірибелік әдістер мен технологияларға шолу жасау, сонымен қатар үздік қатынастар мен сұхбат құралдары арқылы тікелей шетелдік инвестицицяларды тарту мүмкіндіктерін алу үшін қатысушылардың білімдері мен біліктерін дамыту болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген Семинардың жұмысына инвестициялар тарту мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма өкілдері, облыстарының және Астана мен Алматы қ.қ. инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының басшылары қатынасады.

2015 жылдың 27 ақпаны Алматы қаласында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ Түрік делегациясының сапары аясында Түрік Республикалы экономика вице-министрі А.Йылдырымның жетекшілігімен қазақстан-түрік бизнес форумын өткізді.

Бұл іс-шара әріптестіктің жаңа деңгейіне алмасу мақсатындағы инвестициялық қатынастарды ынталандыруға, сонымен қатар  экономиканың басым секторларындағы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесуіне бағытталды. Іс-шара аясында В2В форматында пленарлық мәжіліс, пленарлық сессия және екі жақты кездесу ұйымдастыру жоспарлануда. Аталмыш бизнес-форумға инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Шамов С.Б. қатынасты.  2015 жылдың 16-18 наурызы Маңғыстау облысына Қазақстан РЕспубликасында шетелдік инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсету іс-шаралары туралы түсіндіру, проблемалық және т.б.  мәселелерді анықтау мақсатында  «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ( бұдан әрі –Агенттік) өкілдері келді.

Сапар аясында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесе отырып Агенттік өкілдеріне арналған облыстағы экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың қызметімен таныстыру және мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру мақсатында аталмыш кәсіпорындарға саяхат ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлескен Агенттіктің, «КазЭкспортГарант» экспорттық-несиелік сақтандыру компаниясы» АҚ және облыстың экспортқа бағдарланған кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен экспортерлерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Басқарма Төрағасының м.а. А.Айтуаров


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы