Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
2015 жылдың ақпан айына ИҚКО есебі
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 03.11.2015
Қаралды: 757

Маңғыстау облысы 

Индустриялық-инновациялық

даму басқармасы 

«Ақтау теңіз порты» СЭЗ» АҚ 2015 жылдың 20 қаңтарындағы №2 мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айы үшін ИҚКО қызметі туралы есептік ақпаратты жолдайды.

2015 жылдың 4 ақпаны Ақтау қаласында даму мәселелері жергілікті мазмұндағы аймақтық форум болып өтті. Форумға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев, орталық мемлекеттік органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» РМК, «Қазавтожол» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ,  «KEGOC» АҚ, «PSA» ЖШСөкілетті органының, «NCOC» компаниясының Солтүстік Каспий жобасы операторы, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, тауар өндіруші жергілікті кәсіпорындар, мұнай-газ секторына қызмет көрсетуші кәсіпорындарының өкілдері қатынасты. 

 Аталмыш сұхбаттасу алаңы өндірістік кәсіпорындарды қолдау мәселелерін талқылау және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету, сонымен қатар отандық өндірушілерге көмек көрсетуге нақты шаралар қолану мен жұмыс орындарын сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

  Форум аясында төмендегідей меморандумдарға қол қойылды: Жұмысшылардың еңбек құқықтары мен еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша облыс әкімдігі, жұмыс берушілер мен облыстық кәсіподақтар кеңесі арасындағы өзара әріптестік туралы», «Облыс әкімдігі мен ұлттық компаниялар арасында жергілікті мазмұндағы даму мәселелері бойынша әріптестік туралы», «Жүйе жасаушы кәсіпорындар мен отандық тауар өндірушілер арасында жергілікті мазмұндағы даму мәселелері  бойынша әріптестік туралы».

2015 жылдың 5 ақпаны Маңғыстау облысына Жапониядан ресми сапармен Су технологиялары делегациясы келіп кетті (Делегация).

Су технологиялары саласында жұмыс істейтін алдыңғы қатарлы жапон компаниялары сумен қамтамасыз ету саласындағы өз мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізді.

Іссапардың мақсаты Қазақстандағы дамушы нарықты игеру және жапондық жоғары технологияларды енгізу.Сапар барысында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен индустриялық-инновациалық даму басқармасының бастамасымен су технологиялары саласындағы инновациялық көзқарастар талқыланған жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.Сонымен қатар, Делегация “МАЭК-Қазатомпром” ЖШС-мен, “Ақтау теңіз порты” экономикалық аймағымен арнайы аралап, онда олар басқарушы компанияның және арнайы экономикалық аймақта әрекет ететін кәсіпорындар қызметімен танысты. 2015 жылдың 18 ақпаны Маңғыстау облысына «HIDROPOLENGINEERING» Түрік компаниясының өкілдері іссапармен келіп кетті.

Іссапардың мақсаты - “Ақтау теңіз порты” АЭА жерінде болат құбырлары өндірісі бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру.

Сапар аясында Түрік компаниясының өкілдері “Ақтау теңіз порты” АЭА-на барып, онда олар  арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жағдайы және  Маңғыстау облысы жерінде бизнестің игерілу мүмкіндіктерімен таныстырылды.

Инвесторларға қызмет көрсету орталығымен “Ақтау теңіз порты” АЭА” АҚ Басқармасының Төрағасы А.Төлегеновпен кездесу ұйымдастырылып, онда тараптардың одан арғы әріптестігі жайлы мәселелер талқыланды. Кездесу нәтижелері бойынша “Ақтау теңіз порты” АЭА” АҚ мен «HIDROPOLENGINEERING» компаниясы арасында талаптары мен өзара әріптестігі жайлы мемарандумға қол қойылды.

2015 жылдың 18-19 ақпаны Маңғыстау облысына “Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймағымен танысу мақсатында Ресей және ЖТМ-мен (РОТОБО) сауда жасау бойынша Жапон ассоцияциясы келді. Сапар барысынды Инвесторларға қызмет көрсету орталығымен “Ақтау теңіз порты” АЭА” Басқарушы компаниямен кездесу ұйымдастырылып,  онда олар басқарушы компанияның және арнайы экономикалық аймақта әрекет ететін кәсіпорындар қызметімен таныстырылды.

Жапон компаниясының өкілдері сонымен қатар, «Arcellor Mittal Tubular Products Aktau» ЖШС» мұнай сұрыптамасы құбырларын шығару зауытының, «Keppel Kazakhstan» ЖШС теңіз металл құрылымдары өндірісі зауыты мен «Ақтау Полимер» ЖШС полиэтилен құбырларды өндіру зауытының жұмысымен танысты.

Аймақтарға шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар үшін 2015 жылдың 27 ақпаны Астана қаласында «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Аймақтық деңгейде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту шарттарын жақсарту» тақырыбында семианар (бұдан әрі – Семинар) болып өтті.

Бағдарламаның мақсаты тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мен қолдау үшін үздік халықаралық тәжірибелік әдістер мен технологияларға шолу жасау, сонымен қатар үздік қатынастар мен сұхбат құралдары арқылы тікелей шетелдік инвестицицяларды тарту мүмкіндіктерін алу үшін қатысушылардың білімдері мен біліктерін дамыту болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген Семинардың жұмысына инвестициялар тарту мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма өкілдері, облыстарының және Астана мен Алматы қ.қ. инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының басшылары қатынасады.

  2015 жылдың 27 ақпаны Алматы қаласында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ Түрік делегациясының сапары аясында Түрік Республикалы экономика вице-министрі А.Йылдырымның жетекшілігімен қазақстан-түрік бизнес форумын өткізуді жоспарлауда.

Бұл іс-шара әріптестіктің жаңа деңгейіне алмасу мақсатындағы инвестициялық қатынастарды ынталандыруға, сонымен қатар  экономиканың басым секторларындағы Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесуіне бағытталды. Іс-шара аясында В2В форматында пленарлық мәжіліс, пленарлық сессия және екі жақты кездесу ұйымдастыру жоспарлануда. Аталмыш бизнес-форумға инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры Шамов С.Б. қатынасады. Форум нәтижелері бойынша есептік ақпараты ұсынылады.

Басқарма Төрағасы А.Төлегенов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы