Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 02.11.2015
Қаралды: 887

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Ж. Ұлықбанов)осы қаулының«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары     Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкіміА. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының 

табиғи ресурстар және табиғат 

пайдалануды реттеу басқармасы» 

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ Б.Ж. Ұлықбанов 

«____»___________ 2015 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің 

2015 жылғы «___»________

№ _____ қаулысымен 

бекітілген

Маңғыстау облысында коммуналдыққалдықтардың түзілуі мен жинақталунормаларын есептеу қағидалары

1.Жалпы ережелер

1.Маңғыстау облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.

2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.

2.Коммуналдыққалдықтардың түзілуі мен жинақталунормаларын есептеу тәртібі

3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормалары «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалары) 1 – қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады. Облыстың қала және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімдері өз құзыреттері шегінде коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеуді қамтамасыз етеді.

6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі 

тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;

2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.

7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдыққалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:

халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады;

халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;

халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда – 0,5%-ын (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында облыстың қалалар және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімінің өкілдерімен коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.

11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.

12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштын) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.

13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.

14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өндегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректерді (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомсіне енгізіледі.

15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем)Үлгілік қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомсіне енгізіледі.

16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.

17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффицентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.

18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.

19. Коммуналдыққалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын есептеу Үлгілік қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.



Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович