Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарынбекіту туралы
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 02.11.2015
Қаралды: 652

ЖОБА

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес облысәкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары бекітілсін.

2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ө.С. Бисақаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресмижариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында  орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Облыс әкімі   А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Маңғыстау облысының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

басшысы

___________________Ө.С.Бисақаев

«____»_____________2015 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы  «___»____ № ____

қаулысымен бекітілген

Облыстықжәне аудандық маңызы бар

жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылыавтомобиль жолдарын және көпірөткелдерінпайдалану тәртібі меншарттары

1. Жалпы ережелер

    1. Осы Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – тәртіп) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ақылы жүруді ұйымдастырушығанемесе концессионерге берілген Қазақстан Республикасыныңақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.

    2. Осы тәртіпте Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
    1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

    2) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жіктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;

  3) ақылы жүруді ұйымдастырушы – автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторнемесе концессионер;

    4) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін реттеуге арналған инженерлік құрылыстар кешені.

2. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір
өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары

    3. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды Ақылы жүруді ұйымдастырушының уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.

    4. Ақылы жүрудіңұйымдастырушысы ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

2) қысқы кезеңде ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;

3) көлік құралдарыныңүздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін қамтамасыз етеді;

6) автомобиль жолдарының бойында қорғаныш екпелерін күтіп-ұстайды;

7) жол органдарымен келісім бойынша, жол полициясы бөлімшелерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, шұғыл жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабілетінің жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бұл жөнінде жергілікті атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиісті жол белгілерін қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлік құралдары қозғалысын шектейді немесе тоқтатады;

    8) дүлей метеорологиялыққұбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жояды;

    9) жол полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, олардың алдын алу мен жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

    10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 Қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесіндежылдамдық режимінің шеңберінде көлік құралдарыныңқауіпсіз жүріп өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді»;

    11) жол қозғалысына қатысушыларды құтқару, жол-көлік оқиғалары, авариялар, дүлей апаттар жағдайларында оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды;

    12) жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тергеуге жәрдем көрсетеді, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы ілеспе жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізеді;

    13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетеді;

    14) жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалыққұралдарын (қоршаулар, жол белгілері, жолды белгілеу, бағыттайтын құрылғылар, жарықтандыру желілері, бағдаршамдар, қозғалысты автоматтандырылған басқару жүйелері) орнату мен жөндеуді қамтамасыз етеді;

    15) қажетті ақпараттық-коммуникациялық желілерге қосу арқылы автокөлік құралдары қозғалысының мониторингі үшін өлшеу құрылғыларын, жабдықтарды орнатуды және бағдарламалыққамтуды қамтамасыз етеді;

    16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өткені үшін ақы алуды қамтамасыз етеді.

    5. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылады.
    6. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдланылатын автомобиль жолдары (жол учаскелері) мен көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мақсатында оларды визуалды тексеру күн сайын жүзеге асырылады.

   



Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович