Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ауыл шаруашылығы саласындағы Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 02.11.2015
Қаралды: 845

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін.

1) «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2480 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

3-бөлімнің 9-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

3-бөлімнің 9-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;

2) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 297 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2581 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

2-бөлімінің 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру – 30 (отыз) минут.».

2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі                    (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары                  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімінің

міндетін атқарушыС. Алдашев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________ Б. Ерсайынұлы

«___»  _____________ 2015 ж.


Маңғыстау облысының әкімі
Трумов Серикбай Утелгенович