Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 02.11.2015
Қаралды: 607

ЖОБА

«Маңғыстау облысының мемлекеттік

сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»

мемлекеттік мекемесін құру туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы  29 қыркүйектегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы  29 желтоқсандағы № 1397 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы  басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысының мемлекеттік  сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

3. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  (А.К. Рзаханов):

мемлекеттік мекеменің Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

осы қаулының Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

4. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) облыстың коммуналдық меншіктегі объектілер тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі     А. Айдарбаев

Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы