Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 02.11.2015
Қаралды: 560

        «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар бекітілсін:

1) осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;

2) осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына)  арналған субсидиялар нормалары;

3) осы қаулының 3 – қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары.

2. Субсидия берілу мерзімі - 2013 жыл, қаржыландыру көзі – Маңғыстау облысының ағымдағы қаржы жылының бюджеті болып анықталсын.

3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев):

осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары   Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi    А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

__________ А.С. Мамытбеков

«____»_______________2013 ж.

Маңғыстау облысының

қаржы басқармасының басшысы

_____________ М.Б. Альбекова

«____»_______________2013 ж

Маңғыстау облысының экономика

және бюджеттік жоспарлау басқармасы

басшысының міндетін атқарушы

______________ Ж.Ұ. Ұланова

 «____»_______________2013 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___»____________

№ ___ қаулысына

1-қосымша


88c0bbbcb2767f186c9fe5b8652bd303.PNG

Маңғыстау облысы әкімдігініңКөктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған іс-шаралардың қаражат көлемі 41 235 000 теңге (қырық бір миллион екі жүз отыз бес мың теңге) құрайды. 

2013 жылғы «___»____________

№ ___ қаулысына

2-қосымша


5a32d9b47e893918b080eff485a27ee5.PNG

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___»____________

№ ___ қаулысына

3-қосымша


f6bfc115a70376253e553ca56e7564c6.PNG

Тыңайтқыштардың (органикалық қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған іс-шараларға қажетті қаражаттың көлемі 13 314 000 теңге (он үш миллион үш жүз он төрт мың теңге). 

Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы