Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Маңғыстау облысы дамуының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 26.06.2015
Өзгертілді: 03.11.2015
Қаралды: 824

«Маңғыстау облысы дамуының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы»  Маңғыстау облысы әкімдігінің  2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына  өзгерістер енгізу туралы                                                                          

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына және «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 Жарлығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1.«Маңғыстау облысы дамуының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне ұсынылсын:

көрсетілген қаулының қосымшасында: 

«Ағымдағы жағдайды талдау»  деген 2-бөлім осы қаулыға 1- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;  

«Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері» деген 4-бөлім осы қаулыға 2–қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

Облыс әкімі          А. Айдарбаев


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы