Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Жомарт жүрек» меценаттар форумы өтті
Жарияланды: 14.11.2019
Өзгертілді: 03.12.2019
Қаралды: 425

Елбасы бастамасына сәйкес «Туған жер» және «Атамекен» бағдарламалары аясында жыл сайын дәстүрлі жалғасын табатын «Жомарт жүрек» лауреаттарын құттықтау кеші биыл да жоғары деңгейде өтті. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев қатысып, қамкөңіл жандарға көмек қолын созып, мұқтаж отбасыларға қолдау танытқан, туған өлкенің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан үздік ұжым, кеңпейіл кәсіпкерлер мен жомарт азаматтарға арнайы сыйлықтар табыстады.
«Бүгінде «Кеңболсаң, кем болмайсың» деген халық даналығын еске мығым ұстап, еліне қайыр-шарапатын тигізіп жүрген кәсіпкерлер легі артуда. «Туған жер» жобасы аясында туып-өскен ауылдың өрістеп-өркендеуіне, көркеюіне сүбелі үлес қосып, технологиялық өнертабыстарды халық игілігіне жаратуды көздеген еңбеккер ел азаматтарын көптеп кездестіреміз. Олар күнкөрісі жүдеу отбасыларға медеу болып қана қоймай, ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік нысандардың бойы түзеуіне, осылайша өлке экономикасының өрлеуіне өлшеусіз еңбек етіп келеді»,-деді облыс әкімінің орынбасары құттықтау сөзінде.
Биыл І дәрежелі «Жыл меценаты» номинациясында Бердіқожа Оңдасынұлы Боранбаев, І дәрежелі «Туған өлке» номинациясында Нұржан Закарияұлы Едилов үздік атанды. Ал «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Айбек Қосуақұлы Қосуақов, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша Норт Каспиан Оперейтинг Компани («NCOC») марапатталды. Ал І дәрежелі «Ерен еріктілік» номинациясында «Біз адамдар – Біз біргеміз!» қоғамдық қоры топ жарды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс-шара мерекелік ән шашуға ұласты.



Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы