Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі келді
Жарияланды: 16.07.2019
Өзгертілді: 17.07.2019
Қаралды: 1135

 Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен Премьер-Министр келді. Үкімет басшысы Ақтау қаласындағы бірнеше нысандарды аралады. Асқар Мамин ең алдымен «Қошқар-Ата» қоймасының қазіргі ахуалымен, Ақшұқыр ауылында орналасқан жаңартылған электр энергиясының көздерімен танысты. Бүгінгі таңда Қошқар Ата өзені шұғыл түрде маңызды шара қолдануды талап етіп отырған аймақтағы ең басты экологиялық проблемалардың бірі.

Премьер-Министр, осыдан кейін Алаштың ардақты ұлы, аса көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлының құрметіне арнап салынып жатқан рухани орталықта болды. Жазушының мәдени құндылықтары мен еңбектерін мәңгі есте сақтау және насихаттау мақсатында құрылған орталықтың аумағы 10 гектарды құрайды. Осы жылдың қазан айында рухани орталықта орналасатын мұражайдың құрылысын толық аяқтау, ал келер жылы нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы «Шлюмберже», «Каспий Битум», «Каспий» су тұщыту зауыты секілді шаһардағы бірнеше ірі кәсіпорындарды аралады. Мұнай өндіруші кәсіпорындарға қызмет көрсететін «Шлюмберже» компаниясының өндірістік қуаты жылына 1000 насос қондырғысын шығарады. Ал, «Каспий Битум» зауыты жылына 1 миллион тонна мұнай өңдеп, осы жылдың өзінде 151 мың тоннадан астам сапалы жол битумын шығарған. Осыдан кейін Асқар Мамин Ақтау қаласындағы өндірістік аймақ пен Қарақия, Мұнайлы аудандарын ауыз суымен қамтамасыз етіп отырған «Каспий» су тұщыту зауытында болды. Жобалық қуаты тәулігіне 25 000 текше метр су шығарады.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Каспий жағалауында орналасқан еліміздегі ең ірі курорттық кешеннің құрылысымен танысты. Ақтаудан 20 шақырым жерде 160 гектар аумақты алатын  демалыс аймағы 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы