Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады
Жарияланды: 28.06.2019
Өзгертілді: 01.07.2019
Қаралды: 1306

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімі Серікбай Трұмов өңіріміздегі телеарна, басылымдар мен байланыс саласының журналистерін құттықтады. Салтанатты шараның басты мақсаты билік пен халық арасына дәнекер болып отырған белсенді қаламгерлердің ел игілігі үшін қосқан өлшеусіз үлесін атап өту.

– Қай қоғамда да журналистер елдегі жаңалықтың басында жүрген әрі қоғамдық ойға түрткі бола білген жандар. Біздің бәріміздің мақсат мүддеміз бір. Ол – бүгініміз бен кемел келешегіміз үшін аянбай қызмет ету, ел тағдырына алаңдаушылық білдіріп, халыққа шынайы ақпарат жеткізу, рухани құндылықтарға деген құштарлыққа тәрбиелеу. Қалам ұстап, ақпарат айдынында еңбек ету екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан да білімі жоғары, ойы терең, өресі биік жан ғана журналистік кәсіптің мінберіне көтеріле алады. Көз майын тауысып жазған дүниелеріңіз өңіріміздің дамуына, мәдениет пен өнеріміздің дәріптелуіне үлкен үлесін тигізгені анық, - деп, аймақ басшысы журналистер қауымына жылы лебізін жеткізді.

Басқосу барысында өңір басшысы тәуелсіздік алған жылдардан бастап баспасөз ісі мен теле-радиомызды дамытуға, еліміздің нығаюына, бүгінгі ұрпаққа бай дәстүрлерді сақтауға аянбай ат салысып, үлес қосқан Ғани Меңтайұлы, Жоламан Оңдыбайұлы, Темір Мыңжасұлы, Маңдайлы Қосымбай бастаған журналистика саласының ардагерлеріне арнайы төсбелгі тағып, құттықтады.

Айта кетейік, жақында ғана Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Карин Ғани Меңтайұлы ағамыз «Қазақстанның Құрметті журналисті» атағының иегері атанған болатын. Сонымен бірге, алдыңғы буынның ізін жалғап, жақсылықтың жаршысы болып жүрген қазіргі буын да үздік мамандарға кенде емес. «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Гүлайым Шынтемірқызы Қазақстан журналистер Одағы премиясының лауреаты атанса, ал «Маңғыстау» телеарнасының шеф-редакторы Әсем Сартбаева Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының иегері атанды


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы