Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысында жаңа әкім тағайындалды
Жарияланды: 13.06.2019
Өзгертілді: 14.06.2019
Қаралды: 2451

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Трұмов Серікбай Өтелгенұлы Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңа әкімді облыс активіне таныстырды.

Серікбай Өтелгенұлы Трұмов  1964 жылы 3 маусымда ҚКСР Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады.

1981-1990 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әр түрлі қызметтерде болған;

1990-1994 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;

1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;

1995-2004 жж. – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;

2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;

2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;

2015-2017 жж. – Ақтау қаласының әкімі.

2017 жылы қараша айында 6 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

6-шы сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының № 6 сайлау округінің депутаты.

Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Мынадай мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың иегерлері:

«Ерен еңбегі үшін», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл».

 2016 жылы «Құрмет» Орденімен марапатталды.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы