Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Елді-мекендерді сумен қамту мәселесі қаралды
Жарияланды: 03.06.2019
Өзгертілді: 03.06.2019
Қаралды: 2229

  Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында елді-мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мәселелері қаралды.

  Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Салимовтың мәлімдеуінше  қала бойынша 100% сумен, ал облыстағы ауылдық елді мекендер 69% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

  2018 жылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша Бейнеу ауданының Боранқұл және Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылдарында 2 жоба іске асырылды.

  Ал, 2019 жылы Бейнеу ауданының Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде, қамтамасыз ету көрсеткіші – 75,8 % жеткізілетін болады.

Бұдан басқа, орталықтандырылған сумен бұрыннан қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендерді, атап айтқанда жаңадан құрылысы салынып жатқан жер телімдерін қамту мақсатында жалпы 12 жоба іске асырылып жатыр, - деп хабарлады басқарма басшысы.

  Қалалардағы орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 93,1% құрайды. «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасының аясында Шетпе ауылындағы 2 жобаны іске асырылуда.  Нәтижесінде,АЕМ-гі орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету 2019 жылы 7,1 % жеткізілетін болады.

  Сонымен қатар, 2019 жылы «Ақтау қаласындағы КОС-1 бастап КОС-2 дейінгі өздігінен ағатын кәріз коллекторының құрылысы» жобасын іске іске асуда. Бұл жобаны іске асыру тазартылмаған ағынды суларды КОС-2 алаңына айдауға мүмкіндік бермек.

Жиын соңында Облыс әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. 


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы