Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда әлемдік көлік және логистика саласының сарапшылар бас қосты
Жарияланды: 14.05.2019
Өзгертілді: 14.05.2019
Қаралды: 975

Бүгін  Ақтау қаласында «Каспий порттары және кеме қозғалысы – 2019» деп аталатын халықаралық көрме мен конференция ұйымдастырылды.

Шараға 30-ға жуық  шетелдік көлік және логистика компаниялары, 40 астам спикерлер қатысты. Ал көрмеде 300-ден астам теміржол, теңіз, көлік және логистика компаниялары, өңірдегі жетекші жүк жөнелтушілер, порт жабдықтары және қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері өнімдерін ұсынып, мүмкіндіктерін таныстырды.

Конференция барысында шетелдік сарапшылар Каспий өңірінде көлік инфрақұрылымын пайдалану жағдайындағы жаһандық экономика мен өңірлік сауда сын-тегеуріндерді талқылады. Жиында сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Жалпы Қазақстанның, соның ішінде Маңғыстаудың инфрақұрылымын дамытудың негізін қалаушы – біздің Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы бойынша 2,5 мың шақырым жаңа темір жол және 12,5 мың шақырым авто жол салынды, бұл Қытайдан Парсы шығанағы мен Еуропа елдеріне біздің порттар арқылы жүктерді тасымалдау арқылы республиканың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отырғаны сөзсіз. Осының арқасында, логистика саласындағы халықаралық қауымдастықтардың толыққанды мүшесі болдық. Каспий жағалауындағы жаңа порттар бой көтеріп, соңғы үлгідегі логистикалық орталықтар салдық. Нәтижесінде Қытайдан Парсы шығанағы мен Еуропа елдеріне, оның ішінде біздің порттар арқылы жүктерді тасымалдау арқылы республиканың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар, осындай маңызды имидждік оқиғаны да қазақстандық алаңда өткізу отандық көліктік-логистика секторын дамытуға мол мүмкіндік береді» - деді.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы