Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

18.06.2017
20:25:54
640

  • Бүгін Ақтауда медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы Б.Жүсіпов, мемлекеттік органдар басшылары, медицина қызметкерлері мен ардагерлер қатысты. 
    ​Мерекеге жиналған барша ақ халатты абзал жандарды облыс әкімі Ералы Тоғжанов құттықтап, марапаттарды табыс етті. Маңғыстау облысы медицина саласының бірқатар қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хаттарымен марапатталды.
  • Өз саналы ғұмырын арда жолға арнап, өңіріміздегі медицина саласының дамуына азаматтық үлесін қосқан ардагер дәрігерлерге «Гиппократ», «Авиценна», «Пирогов» төсбелгілері табыс етілді. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының марапаттары да ұсынылды.
    Қазіргі таңда 500-ден 900 граммга дейінгі аса аз салмақта, әлсіз боп дүниеге келетін сәбилер көп. Солардың бірі – 2013 жылдың қазан айында өмірге келген қос нәресте – шала туылған 700 граммдық екі қыз бала. Облыстық перинаталдық орталық пен Жаңаөзен қалалық емханасының мамандарының сапалы медициналық көмегімен балалар аман қалды. Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы басына жарақат алған 1 жастағы баланың миына 5 сағаттық ота жасап, сәбиге екінші өмір сыйлады. Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәбилер мен дәрігерлерге сыйлықтарын табыс етті.
  • - Егемендік алған кезеңдерде Маңғыстау облысында 140 денсаулық сақтау нысаны,112 мемлекеттік, 28 жекеменшік нысандары іске қосылды. Соңғы 15 жылда маңғыстаулықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 10 жылға артты, жас шамасы 73,5 дейін ұзарды. Күн сайын мыңдаған маңғыстаулықтар дәрігерлерге жүгініп, бір мыңға жуық пациент стационарларда емделеді. Күнделікті 60-тан астам әйел «ана» атанады. Елімізде облыстағы туу көрсеткіші ең жоғары, табиғи өсім 1,5 есеге артқан. Хирургтер тәулігіне 50-ден астам науқасқа ота жасаса, күн сайын 200-ден астам жедел-жәрдем қызметі көрсетіледі. Мұны 1500 астам дәрігер мен 5 мыңнан орта буын медицина қызметкерлері жұмысының нәтижесі деп білеміз. Осы көрсеткіштердің артында денсаулық сақтау ісінің шебер мамандары – сіздердің ерен еңбектеріңіз бен мыңдаған адам өмірінің арашасы болған үлкен жауапкершілік тұр, - деді құттықтау сөзінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
    ​Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

    ​​Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


24.09.2017
10:23:49
117
Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚХР «Huaming Guangdong  smartled co LTD» компаниясымен бірлескен ынтымақтастық туралы үш…
25.09.2017
18:03:08
266
Бейнеубек Әбілов 1975 жылы 16 қантарда Маңғыстау облысының Бейнеу селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары. 1998…
23.09.2017
17:14:41
182
23 қыркүйек күні Ақтау қаласы күніне орай велошеру ұйымдастырылды. Таңғы сағат 08.00-де басталған велошеруге шамамен…
22.09.2017
20:00:45
389
22 қыркүйек күні облыс орталығы Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Республикалық…
22.09.2017
17:23:13
365
22 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық мүгедектер клубының спорт залында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz