Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Аракс» кемесіндегі зиянды заттарды жақын арада жоюды тапсырды

14.06.2017
14:31:09
718

Бүгін, 14 маусымда  облыс әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен РФ «Аракс» кемесіне қатысты Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.

Айта кетейік, 2016 жылдың 4 маусымында  Қарақия ауданының құмды мүйісінде шамамен жағадан 100 метр қашықтықта «Аракс» кемесі қайырылып қалған болатын. Көрсетілген мәліметтер бойынша, кемеде 17 қап және 11 дана екі жүз литрлік мазутталған бөшке, сондай-ақ, 130 тонна  ластанған су (мұнай өнімдері) мен 500 тонна балласт табылған.

Маңғыстау облыстық экология Департаментінің басшысы Абай Сафиннің айтуынша, ағымдағы жылдың 9 маусымында танкер мен теңіз ауасының және танкер маңындағы теңіз суының тазалығын тексеру жұмыстары жүргізілген.

Нәтижесінде лас қалдықтардың шекті ұйғарынды концентрациясы мөлшерінен аспағандығы анықталды. Ал танкердегі ауаны тексеру барысында ондағы метан көлемінің 51,4%-ға жоғары екені белгілі болды (одан бөлек күйік иісі де байқалған). Жабық танкердегі метан мөлшерінің көптігі жарылыс қаупін тудыруы ықтимал (жарылысқа ашық от, оның ұшқыны, жоғары температура әсер етуі мүмкін).

-«Транс Каспий» компаниясының қожайынына кемені орнынан алып тастау жөнінде бірнеше рет айтылды. Сондай-ақ, «Аракс» кемесіндегі зиянды өнімдерді қысқа мерзім ішінде жою жөнінде де ұсыныстар тасталды. Дегенмен кеме иесі тарапынан бүгінге дейін нақты шешім айтылмай келеді. Сондықтан «Росмортранспорт» Мемлекеттік Басқармасының көмегіне жүгінуге тура келді.  Қазіргі таңда «Транс Каспий» қожайыны заңдық тұлға болып танылмайды. Махачкаланың кемелер тізімінде бұл кеме «Транс Каспий» иелігінде деп көрсетілген. ҚР инвестициялар және даму министрлігінің жол-көлік оқиғаларын зерттеу департаменті мен РФ зерттеу органдары бірлесуімен «Аракс» кемесіне тексеру жұмыстары жүргізілді, - дейді Ақтау және Баутино теңіз порты әкімшілігінің жетекшісі Нұрбол Ерманов.

Облыс басшысы Ералы Тоғжанов жауапты тұлғалардың мәлімдемесін тыңдаған соң, қысқа мерзім ішінде «Аракс» кемесін лас қалдықтардан  тазартуды тапсырды. Оған Ақтау және Баутино теңіз порты әкімшілігінің басшысы Нұрбол Ермановты жетекші етіп тағайындады.

Облыс орынбасары Ш. Илмұханбетоваға ұсынылған есеп бойынша облыстық бюджеттен қаржы бөлуді тапсырып, ҚР ҰҚК ШҚ «Жағалаулық күзет» басқармасын қажетті техникамен қамтамасыз етуге міндеттеді. Ал Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті кемені тазарту жұмыстары аяқталғанша күзет қызметі өкілдерінің қатысуын, бөгде адамдардың араласпауын назарда ұстайтын болады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


24.09.2017
10:23:49
116
Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚХР «Huaming Guangdong  smartled co LTD» компаниясымен бірлескен ынтымақтастық туралы үш…
25.09.2017
18:03:08
266
Бейнеубек Әбілов 1975 жылы 16 қантарда Маңғыстау облысының Бейнеу селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары. 1998…
23.09.2017
17:14:41
182
23 қыркүйек күні Ақтау қаласы күніне орай велошеру ұйымдастырылды. Таңғы сағат 08.00-де басталған велошеруге шамамен…
22.09.2017
20:00:45
389
22 қыркүйек күні облыс орталығы Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Республикалық…
22.09.2017
17:23:13
365
22 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық мүгедектер клубының спорт залында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz